Жем-шөпті сақтау – әр азаматтың мүддесі!

(0 Votes)

Шөп өртенуінің басты себебі, отты бейғам пайдалану болып қалуда. Шөптің күзетілмейтін аймақта, маңынан өтетін жолдарға жақын қашықтықта орналасуы жанама себебі болып табылды.

Шөптің сақталуын қамтамасыз ету үшін алдымен:

1. Оларды бөгде адамдардың еркін баруын болдырмайтын қоршалған, күзетілетін аймақта орналастыру керек.

2. Адамдар жүретін және көлік өтетін жерлерден алысырақ орналастыру.

3. Әуе электртарату желілеріне дейінгі қауіпсіз қашықтықты қамту.

4. Шөпті мүмкіндігінше жанбайтын материалдармен жабу.

5. Ағаш құрылыстарына, құрылыстарға және қасында тұрған отаулар мен маяларға дейінгі өртке қарсы қашықтықтарды қамту.

6. Шөп үю орындарының маңында өртті сөндіруге су қорын және қол жетерлік жерде өрт сөндіру құралдарын қамту, ұзындығы отаудың (маяның) периметрін қамтып жететіндей есеппен мүмкіндігінше су құбырын немесе суару шлангісін жүргізу. Шөп өте тез жанады және өртті байқаған сәттің бірінші минуттарынан бастап сөндіруді ұйымдастыру керек.

7. Шөпті өрт қауіпті мерзім аяқталған соң әкелген абзал. Шөпті қоюдың талаптары келесі:

- Отаулар мен маялардан құрылыстарға дейінгі ара қашықтық кемінде 50 м. - Жолдардан ара қашықтық кемінде 20 м.

- Электртарату желілерінен ара қашықтық кемінде 15 м.

- Жеке тұрған отаулар арасындағы қашықтық кемінде 20 м.

- Түтін шығатын құбырлардан қашықтық кемінде 15 метр.

Құрметті шөп даярлаушылар.

Айтылған ақыл-кеңестерді ұстаныңыздар, өз еңбектеріңіз бен материалдық құралдарды сақтаңыздар, шөп өрт қауіпті материал екендігін есте ұстаңыздар, кездейсоқ адамдар мен қаскүнемдерге еңбектеріңіздің жемісін жоюға мүмкіндік бермеңіздер.

Есте сақтаңдар!!! Шөпті тасымалдау және жинау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ұмытпаңыз.

Құрманғазы ауданының ТЖБ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521