Желімді білмегенмен, желінді білгеніңе шүкір

(0 Votes)

Тілім туралы айтар болсақ, қазақ тілі – мемлекеттік тіл.

Оның беделі артып, көсегесі көгерсін десек, дұрыс сөйлеп, қатесіз жазып, мәртебесін биіктетуге ат салысуымыз қажет-ақ. Көшеде жүргенде жарнама маңдайшаларды, хабарландырулар мен қабырға ілмелерді көргенде бір жасқа қартайып кетесің. Оларда қатенің қасында қате. Тағы бірінің удай ашитын түйткіл: көптеген жарнама, ілмелерді орысша жазуға әуеспіз. Жазайық, бірақ неге қате жазамыз. Бізді орысша жазыңдар деп біреу итермелеп отырған жоқ ғой. Осыны неге ескермеске.

Енді дүкенге сауда жасауға бара қалсақ, онда да шала қазақша, дүмбілез орысшамен сәт сайын кездесеміз. Мысалы, тамақ дүкеніне барып «тауықтың немесе құстың қанатын бере қойшы» дегенде сатушы саған айдан келген адамдай қарап, «ондай нәрсе бізде жоқ» деп бедірейе қалады. Содан кейін, «мынау не деп» манағы сұрағанды көрсетсең, ей, аға, ол деген қазақша «крелишка» ғой» деп қарап тұрады.

Кеңсе тауарлары дүкеніне барып, «желім» бар ма, деп сұрасаң, аға бұл ет сататын дүкен емес деп келемеж қылады. Мен де қарап тұрмай, «шырағым» мен қағазға қағазды жапсыратын нәрсені сұрап тұрмын» десем - Ә-ә-ә, бірден «кіли» деп қазақша айтпайсыз ба? - дейді.

Желімді білмегенмен ең болмаса желінді білгеніңе де шүкір деп мен де жөніме кете бердім. Қазақ сөз қорына берік еніп кеткен мұндай сөздерді қолданбау қиынға соғатын шығар. Бірақ, ел боламыз десек, біртіндеп те болса арыла берейік. Ойда жүрген мәселелерді ортаға салдым. Артық-кемі болмаса айып етпеңіздер. Қосып, аларларыңыз болса, пікірлеріңізді білуге әзірміз.

А.Ғұмаров, Құрманғазы ауылы

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21