Жеңіс сарбаздары-ел есінде

(0 Votes)

Ел шетіне жау тиіп, бейбіт өмірдің шырқы бұзылғанда  қазақстандықтар да қолына қару алып, майданның алғы шебінен табылды. Сондай соғыс сарбаздарының бірі –менің әкем, қатардағы жауынгер Аманғали Менетаев  еді.

Әкесі Меңетай  атақты күйші Құрманғазының шәкірті. Академик  Ахмет  Жұбанов «Құрманғазы » атты монографиясында  ұлы күйшінің шығармаларын  біздің заманымызға жеткізген  алтын көпірлердің бірі»  деп жоғары баға берген еді. Құрманғазының «Адай», «Серпер», «Қайран шешем», «Қызыл қайың», Динаның «Бұлбұл» күйлерін біздің  заманымызға жеткізген. 1932 жылы Алматыда өткен  көркем өнерпаздардың республикалық слетіне қатысып, жүлделі орын салып, елге оралған соң  ұзамай дүние салды. Сөйтіп Аманғали Меңетайұлы 12 жасында әкеден де, анадан да  жетім қалып, тағдыр қиындығын бала жасынан көріп өсті. Ол 1920 жылы  қаңтарда Батыс Қазақстан облысында  дүниеге келгенімен, бар саналы ғұмыры  Атырау облысы Құрманғазы ауданында өткен.  1939 жылы  Абай орта мектебін бітіргеннен кейін, сол жылдың қарашасында   Армия қатарына алынады.1941 жылы Отан тағдыры сынға түскен  қиын қыстау шақта еліміздің ержүрек ұл-қыздары  сапында қолына қару алып, гитлерлік басқыншылардан елді қорғауға аттанды.  Шайқас басталғанда  атқыштар полкінің  танкистер бөлімінде Батыс майданында болып,Псков, Белоцерковь,Нижний Новгород,Старая Русь қалаларын азат етуге қатысты. Германияның Берменгем, Гамбург, Дюссельдорф қалаларын алуға қатысып,ерлігі үшін бірнеше медальдармен  марапатталған.1944 жылы Австрияның  Вена қаласын  азат етудегі шайқаста  ауыр жараланып, госпитальде болып,1946 жылы сәуірде  аман есен елге оралды. 2ші дәрежелі «Отан соғысы»орденімен  және бірнеше медальдармен марапатталған. Елге оралғаннан кейін ,соғыстан кейінгі  еліміздің  шаруашылығын қалпына  келтіруде жемісті еңбек етіп,  жанұялы болып 2 ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Қоғамдық іске  жоғары жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетіп, жас ұрпақты ерлік дәстүрлер рухында тәрбиелеуге үлес қосты.Аудандық обаға қарсы күрес  бөлімінде  қарапайым  қызметте  үзбей еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты.Еңбегі еленіп «Еңбек ардагері»төсбелгісіне ие болды. 1998 -2008 жылдары Қапшағай қаласында тұрды. 2008 жылы қаңтар айында  майдан кезінде алған жарақаттары сыр беріп , 88 жасында өмірден озды.  «Орнында бар оңалар»дегендей біз, Аманғали Меңетайұлының ұрпақтары   майдангер әкемізді мақтан тұтып, оның өн бойындағы әділдік, адалдық, қарапайымдылығын өмірлік ұстанымызға айналдырып,әке аманатына адал болып, оның ізгілікті жолын  жалғастырып келеміз.Ел қорғаған ерлересімі  қашанда ел есінде,тарих беттерінде сақтала бермек.

   Бахыт  Аманғалиқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521