ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕГІ ӨРТ

(0 Votes)

Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану.

Өрт – ең көп таралған қатердің бірі. Елімізде орта есеппен алғанда күн сайын шамамен 40-50 өрт болады екен, күн сайын өрт кезінде бір немесе екі адам көз жұмып, әр түрлі дәрежедегі күйікке шалдығады. Жаз кезінде өрттің саныда көбеюде, әсіресе жазғы кезде табиғи-дала өрттер орын алуда Табиғи өрт – табиғи ортада апатты пайда болатын және таралатын, бақыланбайтын өртену процесі (орманның, даланың, шым тезекті батпақтың). Орман өрті – орман экожүйесінде өзінен-өзі немесе адаммен жандырылатын өртену. Төменгісінде орманның төсемі, шөп-бұта жамылғысы, жас бұталар жанады, жоғарғысында – ағшаштардың ұштары жанады; жерастысында – шым батпақ қабаты және ағаштардың тамырлары жанады.

Біздің еліміз Қазақстан Республикасында ең өртке қауіптіге Ақмола, Паволдар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысының аймақтарындағы орман алқаптары жатады. Батыс Қазақстан облысы аумағында көптеген ормандар бар, сонымен қатар біздің аудан аумағымызда өз халқымыз демалатын орындар бар екенін білесіздер. Ормандағы жаппай өртену ыстық және құрғақ ауа райы кезінде найзағай соққысынан, өртпен байқаусыз пайдаланудан, жердің жоғарғы қабатын кепкен шөптерді жағып тазартудан және басқа себептерден болуы мүмкін.

Дала өрті – далаларда өзінен-өзі немесе қолдан тұтату кезінде пайда болады. Қазіргі өрт қаупі кезені келген кезде далалық өрттердің 80 пайызы адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін қарапайым орындамағандарынан пайда болады. Әсіресе темекілермен жанған сіріңкелерді дұрыс сөндірмегендіктен, табиғи аланына шықғып от жаққан кезде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, автокөліктің құбырынан шыққан ұшқын, трактор автокөлігінің шөқ сөндіргіші дүрыс жүмыс жасамағандықтан, далада еңбек ететін адамдардың тастап кеткен майланған және бензин сіңіп қалған материалдардың өздерінен-өздері жануы және қалдырылған шыны ыдыс немесе сынған әйнек күн сәулелерін сіңіріп шығара отыра, шығыстырып өртке әкеп соғады. Даладағы өрттін жану жылдамдығы 20-30 шақырым сағатына, сай-салада 0,1-1 дейін шақырым сағатына барады. Бұндай өрттерді тоқтату өте қиын екені өздерініздің де көзініз жетіп жүр.

Дала өртің тоқтатқан жағдайдада, тілсіз жау өзінің жұмысың істеп үлгіреді. Далалалық жанулар шығып соған ауа-райыда өз көмегін көрсеткен жағдайда, өрт елді мекендергеде кіріп кетуі мүмкін. Сондықтан қазіргі уақытта мал азығын дайындау науқаны кезеңінде шаруа қожалықтарының жетекшілері, механизаторлары мен жұмысшылары және демалыс орындардағы адамдар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды деп сенім білдіреміз себебі шыққан далалық өрттен біріншіден өздері үлкен материалдық және моралдық зардап шегеді.

Сонымен қатар, шөп шабу науқанында және дала жұмыстарын жүргізген кезде қолданатын техника техникалық байқаудан өтуі қажет. Егер қолданылатын техника техниканың байқауынан өткізілмеген болса, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 589, 590 баптары бойынша жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны көзделген. Елдің әр-бір азаматы өрттен сақтану шараларын қатаң орындап отыру міндетім деп түсінуі керек.

Ақгүл Әлібекқызы Құрманғазы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521