Жолдауда жастардың рөлі ерекше аталды. Расында, жасанды интеллект дәуірінде ең үлкен қозғаушы күш – креативті ойлайтын, жаңа технологияны тез меңгеретін жастарымыз. Мемлекет осы әлеуетті қолдап, жастарға қолайлы экожүйе қалыптастыратын болса, еліміз әлемдік стартаптар картасында өз орнын табады. Президенттің бастамасы жастарға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Кәрім Бахриденұлы,
Журналистика ардагері