Жастар қанаты аудандық филиалының І конференциясы өтті

(0 Votes)

Мемлекет басшысының айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды.

«Білімді әрі білікті өрендер ғана биік мақсатқа жете алады. Елге тірек болу – әрбір жастың мұраты. Бірнеше тіл біліп, кәсіп игеру жастардың қолынан ғана келеді» деген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс VI съезіне қатысушы делегаттарға осындай үндеу арнаған болатын.

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жастар рухы» Жастар қанаты аудандық филиалының І конференциясы өтті. Оны аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұргүл Сұлтанова жүргізіп, конференцияның күн тәртібімен таныстырды. Алдымен «Жастар рухы» Жастар қанаты аудандық филиалдың жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы хабарлама тыңдалды. Конференцияға арнайы қатысқан «Жастар рухы» ЖҚ Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы атына заты сай жастардың қанаты Жаңа Қазақстанға жаңа серпін беретінін жеткізіп, осы бағытта аймақта қолға алынған қанатқақты жобалардан хабардар етті.

e9ed45fa-61a7-4f80-bba5-40d1c620d824

– Сәуір айынан бастап «Қайсар» әскери-патриоттық жобасы жүзеге асырылуда. Мақсаты – жастардың әскерге деген құлшынысын ояту. Оның аясында күні бүгінге дейін бірнеше шаралар ұйымдастырылды. «Тазалайық!» жобасы бойынша экологиялық акциялар өтуде. Қоршаған ортаға деген қамқорлық қазіргі таңда күн тәртібінен үнемі түспейтін мәселе болуы тиіс. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында да облыста 2000-ға жуық жас еңбек етуде. Қыркүйек айынан бастап «Өрлеу» жобасы іске қосылады. Мақсаты – менторлық дүниені қалыптастыру, яғни кез келген азамат өзінің саласының үздігінен кеңес алып, бірге дамуға жүйелі түрде жұмыс жасауға мүмкіндік береді, - деген Абылай Құрметұлы залға жиналған жастарды «Жастар рухында», жалпы қоғамдық жұмыстарда белсенді болуға шақырды.

988c2f35-bfc9-4690-b508-4e54387b3fd7

Келесі кезекте аудандық мәслихат депутаты Талғат Жұмалиев бүгінгі жастардың бойында табылуы тиіс қасиеттерді атап өтіп, туған жерде адал қызмет етуге үгіттеп, жұмысшы мамандығының мәртебесін тілге тиек етті. Делегат болып қатысқан жастар да өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, спикерлерден тұшымды жауаптарын алды. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жалғасбай Шамбузов конференцияны қорытындылады.

Айнагүл Шакупова      

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521