М.Ломоносов мектебі әкімшілігінің өтінішіне сәйкес, ауылішілік жолдарға жасанды кедергілер орнату туралы жергілікті атқарушы органдарға жолданған ұсыныстар қолдау тауып, бүгін орталық Х.Испулаев көшесі бойындағы тас жолға жасанды жол кедергісі орнатылды.
Айта кету керек, ұсыныс берілгеннен кейін ол жер зерделенеді, бәрі де заңдылыққа сай жүзеге асады. Яғни ұсыныс берілсе, орындалады деген сөз емес, себебі, кез келген жерге қоя алмаймыз,- дейді Құрманғазы ауданы Полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторы полиция капитаны Асылбек Муфтахов.