Президент Жолдауында еліміздің экономикалық өсімін тұрақты ұстап тұру үшін өнімділікті дәл болжау және жан-жақты талдау жүйелерін дамыту қажеттігі ерекше айтылды. Бүгінде бұл бағытта жасанды интеллекттің рөлі айрықша.
AI технологиялары өндіріс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету және қаржы салаларында үлкен көлемдегі деректерді талдап, болашақ көрсеткіштерді дәлірек болжауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде кәсіпорындар тәуекелді азайтып, тиімді шешім қабылдай алады.
Өнімділікті талдау мен болжаудың цифрлық модельдері ел экономикасын басқаруды жаңа деңгейге шығарып, ресурстарды дұрыс жоспарлауға жағдай жасайды. Сондықтан жасанды интеллектті кеңінен енгізу — бәсекеге қабілеттілікке бастайтын маңызды қадам.
Уазих Дәулетов,
агроном


