Жас жол инспекторларының «Тура жол» үгіт-насихат жұмыстары (+ВИДЕО)

(0 Votes)

М.Әуезов атындағы орта мектебінің оқушыларынан құралған жас жол инспекторлары ауыл тұрғындарына қыс мезгілінде жолда жүру ережелерін және мұз үстінде орын алатын қауіп-қатердің алдын алу мақсатында «Тура жол» үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

zholda-zhru-erezhelerin-tsindiru

Шара барысында қыс кезінде жолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережесі – сақтықты жоғарлату және ықыласпен жолға қарау, жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағаннын көргеннен кейін ғана өту қажеттігі түсіндірілді. Жүргінші бөліктен машина келе жатқанда ешқашанда жүгіріп өтпей, ақырындап және аса сақтықпен өту де назарға берілді. Сондай-ақ, от алмай тұрған көліктің жанында болу дөңгелектің астынан мұздың ұнтақтары немесе тастар шашырауы мүмкіндігі, қатты жылдамдықпен жүріп келе жатқан көліктің қауіп төндіретіндігі айтылды.

zholda-zhru-erezheleri1

Сонымен бірге, қазіргі уақытта өзендердің бетіне осал мұз тұрып, адам өміріне қауіптілігі артуда. Ойламаған жерден мұз ойылып, су астына кетіп қалу жағдайлары туындайды. Осы орайда, ата-аналардан су қоймаларына жақын жердегі қауіпсіздік пен жүріс-тұрыс ережелерін ұмытпау және балаларды қараусыз қалдырмау сұралынды. Тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көрінетін кезде (тұман, қар басу, жаңбыр) ешқандай жағдайда мұзға шығуға болмайтыны ескертілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT