Кәсіпкер Е.Тарихов отбасылық құндылықты сақтайды (+ВИДЕО)

(1 Vote)

"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз.

Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әрбаланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, олболмаса, отанасы, оданқалса, үлкенаға не әпкебасқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет.

Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ер жететінін білеміз. Мұның бәрін неге қозғап отырмыз? Себебі бүгін - жарық дүниедегі ең жақын жандарыңыздың төл мерекесі екен. 15 мамыр - халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.

Осыған орай, аудандық аналар кеңесінің бастамасымен назарларыңызға ауданымыздағы үлгілі жас отбасылардың бірі, жеке кәсіпкері «Құрманғазы» қайырымдылық қорының жетекшісі Ерлан Тасқайырұлы Тариховтың отбасының дайындаған бейнеролигін ұсынамыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521