Жас дзюдошылар бақ сынады

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Шортанбай балалар-жастар спорт мектебінің ұйымдастырумен дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті.

Аталмыш біріншілікке Шортанбай БЖСМ, Бөкейхан БЖСМ және Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің жас балуандары қатысты. Спорттық сайысты  Есболсынов Ералхан жүргізді. Бұл жарыстың басты мақсаты –  жасөспірімдер арасында спортты дамытып, дені сау ұрпақ тәрбиелеу. 

Шортанбай, Бөкейхан БЖСМ-нің  директорлары Утепов Ғаділжан, Габбасов Серікбол мерекемен құттықтап, жас дзюдошыларға жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі. Мамбетов Мейрамбек жас спортшыларға рух берер әнін арнады. Жас дзюдошылар жеті салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ашық біріншілік қорытындысымен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT