Ауылымызда «Жаңа Қазақстан - таза табиғат» акциясы аясында кезекті сенбілік шарасы өткізілді.
Мақсаты: қоршаған ортаны таза ұстауға ауыл жұртшылығын тарту. Сенбілікке ауылдық әкімі аппараты қызметкерлері және білім беру мен мектепке дейінгі балаларды оқыту қызметкерлері, денсаулық сақтау мекемелерінің ұжымдарымен қоса ақылы қоғамдық қызметкерлері де қатысты.
Нәтижесінде көше бойлары, бөгеттің екі жағы, ғимараттардың айналасындағы күл-қоқыстар арнайы орынға шығарылып, арнайы техника көмегімен тазартылды. Акция барысында санитарлық тазалық жұмыстары жоғары деңгейде атқарылды. Сенбілікке 6 техника және 17 мекемеден 312 адам жұмылдырылып, 13 тонна қоқыс сыртқа шығарылды.
Округ әкімі аппаратының баспасөз қызметі