Жаңа жүзбелі өткелге тапсырыс берілді

(0 Votes)

Шортанбай ауылдық округіне жаңадан сайланған әкім Құрманбай Ибрашев есепті хабарламасында атқарылған жұмыстарға, алдағы міндеттерге тоқтала келіп: - Котяев-Шортанбай тас жолы құрылысын аяқтау, жазғы су құбырын тарту, ауылға бөлінген өрт сөндіру машинасына көлік жүргізуші мен арнайы маманға штат қарастыру, Жасталап ауылына жазғы спорт алаңын салу – туралы шешімін қажет ететін проблемалық мәселелерге ойысты.

- Мұндағы жүзбелі өткелдің әбден тозығы жеткен. Сондықтан оны жаңғыртудың жұмыстарын қолға алып, жасалуына тапсырыс беріп қойдық. Бізге ұсынылған ақпарат бойынша ол 11 ай дайындалады екен. Бұйырса жылдың аяғына дейін ауылға жаңа жүзбелі өткелді алдыру жоспарымызда бар, - дей келе, аудан басшысы Қайрат Талапұлы көктемгі өр суы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірқатар жұмыстарын атап өтіп, республика көлемінде тойланатын мерейлі даталарға орай түрлі шаралар ұйымдастыруды округ әкімшілігіне тапсырды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521