Жаңа заң жобасы жетілдіріле түсуі тиіс

(1 Vote)

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев.

Өткен жылы 23 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің депутаттары «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдап, бірауыздан мақұлдаған. Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллин жүргізді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Унжакова «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде баяндама жасады. Мәжіліс отырысының стенографиясымен танысқанымызда жаңа заң жобасын талқылау барысында бірқатар депутаттардың сөйлеп, қолдау білдіргенін көрдік.

Аталған заңның толық нұсқасын ғаламтордан таппадық. Сол себепті онымен толық таныса алмағандықтан біржақты кетуден аулақпыз. Десек те, «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды», деген ғой, қазір осы заң жобасындағы бірқатар баптар мен тармақтарға қатысты қоғам белсенділері қарсылық танытып, қызу талқылау жүргізіп жатыр. Алайда заң жобасына қарсылық ашынумен ғана аяқталмайтын сынды. Осы жобаға қарсы онлайн-петициялар құрылып, оны қолдаушылардың саны да артып жатқанын естіп отырмыз. Олардың қатарында адам құқығын қорғаушылар мен қоғам белсенділері де бар. Заңда шикілік болмаса бұл жағдай орын ала ма? Мұны бір жағынан қоғамның құқықтық сана-сезімі серпіліс тауып, ой-пікірін ашық жеткізуінің белгісі деп бағалаймыз. Онлайн петиция ұйымдастырушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылы Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтарымыз реформаларға бастамашы болып, ұсыныстар беру үшін онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институтын құру қажет. Мұндай құрылым қандай да бір бұрмалау əрекеттерінен толық қорғалуға тиіс. Үкімет азаматтық қоғаммен бірлесіп, осы маңызды жобаның нормативтік-құқықтық базасын әзірлеуге және оның барлық техникалық мәселелерін шешуге тиіс», дегенін алға тартады. Демек,бүгінде қарсылықты петиция арқылы да білдіруге болады екен! Бізде бұған дейін де отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы заң бар еді.

Жалғасын "Серпер" газетінен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521