Жүз күндігіне ас берілді

(0 Votes)

Әлемге есімі белгілі жерлесіміз, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Әнұранымыздың авторларының бірі, қазақтың аса көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің жұбайы Нәсіп Мұстахқызы өмірден озғаны жұртшылықтың есінде.

Сол сәтте ақынның туған жерінен аудан әкімі Қайрат Нұртаев бастаған азаматтардың үлкен тобы барып, соңғы мекеніне шығарып салып, қоштасып қайтқан еді. Қайрат Талапұлы сол сапарында Жұмекен ағамыздың басына да өз қолымен топырақ салу бұйырғанын айтып, апайдың бір қадесін ауданымызда өткізуге уәдесін бергенін жеткізген.

nsip-apa

Сөзіне берік азамат облыс әкімі Нұрлан Асқарұлының қолдауымен сол уәдесін орындап Нәсіп Мұстахқызының 100 күндік қадесін ауданымызда ұйымдастырды. Оған Алматыдан арнайы келген Ж.Нәжімеденовтің қызы Айкен, інісі Әділжан, немересі Темірәлі, аудан, округ, бөлім басшылары, ақсақалдар, ауданымыздың Құрметті азаматтары, барлығы 300-дің үстінде адам қатысты.

Мархомның рухына дұға бағышталғаннан кейін, облыс əкімі Нұрлан Асқарұлының тапсырмасымен, сол кісінің сəлемін жеткізген облыстық кəсіподақтар федерациясының төрағасы Ізтұрған Баймұханов, аудан әкімі Қайрат Талапұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Өмірзақ Қажымғалиев, Таңатар Дәрелұлы, ауданның Құрметті азаматтары Ғаділхан Қалиев, Сағынжан Рахимов, Қуандық Садихов, Қанат Ғаббасов, Қадырбай Жармұхамбетов, Жұмақай Ғұмаров, Орынғали Құмарғалиев, Зейнетолла Ақбанов және басқа да қатысушылар сөйлеп, Ж.Нәжімеденов пен Н.Мұстахқызын жылы лебізбен еске алып, өнегелі өмір жолдарынан әңгіме өрбітті.

nsip-apa3

Айкен Жұмекенқызы, інісі Әділжан, немересі Темірәлі, ақынның немере інісі Ғ.Қайырмеденов және басқа туыстары аналарын еске алып, ас беріп жатқаны үшін аймақ басшысы Н.Ноғаевқа, аудан әкімі Қ.Нұртаевқа, санада жаңғырған өшпес естеліктерін ортаға салып жатқан азаматтарға үлкен ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521