Биыл Қазақ елінің тәуелсіздігіне 29 жыл толуда. Бұл әрине, өз алдына жеке ел болуды мақсат тұтқан біз секілді жас мемлекетке көп уақыт емес.
Дегенмен, еліміз осы уақыт ішінде әр салада көптеген жетістіктерге қол жеткізгендігі белгілі. Соның бірі - еліміздегі ғылым және білім саласы. Мемлекетіміз өз алдына ұзақ мерзімді даму стратегияларын қойып, сол негізде әлемдік өркениет биігіне шығуды мақсат санап, тәуелсіздік алған уақыттан бастап еліміздің ғылым және білім саласының дамуына алғышарттар жасады.
Міне, осы бағытта шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау және білім беру ұйымының озық инновациялық менеджерін насихаттау мақсатында 14 желтоқсан күні «Үздік менеджер -2020» байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқау «Мен табысты басшымын» интербелсенді таныстырылым, «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» тақырыбында жоба қорғау, «Басқару жағдаяттарын шешу», «Сапалы білім – нәтижелі басшылықтың көрсеткіші» тақырыбында эссе жазу, Қазақстан Республикасы басшылық жөніндегі Заңнама және Әдістемелік бағыттағы тест сұрақтарына жауап беру секілді 5 кезең бойынша бағаланды. Білім беру ұйымы басшылары табысты білім беру ұйымын басқару тәжірибелерімен бөлісіп, сынға түсті.
Сайыстың нәтижесі бойынша «Жаңашыл менеджер» номинациясын Ақкөл ЖОМ-нің басшысы Арайлым Жасенқызы Қаржауова, «Зерттеуші менеджер» номинациясын С. Имашев атындағы ЖОМ-нің басшысы Ризабек Құмарұлы Сапаров, «Шығармашыл менеджер» номинациясын Нұржау ЖОМ-нің бсшысы Гүлбаршын Жақимқызы Кенжеғалиева иеленді. Жүлделі III орынды Қиғаш ЖОМ-нің басшысы Сандуғаш Ғарипуллақызы Қапуова, Ш. Уәлиханов атындағы ЖОМ-нің башысы Зирагүл Ертәліқызы Қанатова, Ж. Нәжімеденов атындағы НОМ-нің басшысы Руслан Амангелдіұлы Хасантаев, жүлделі II орынды Б. Бегалиев атындағы ЖОМ-нің басшысы Гүлжаннат Ғаділханқызы Қалиева, Ф. Оңғарсынова атындағы ЖОМ-нің басшысы Шынар Сүйіндікқызы Исатаева, жүлделі I орынды Ю. А. Гагарин атындағы ЖОМ-нің басшысы Жамал Әдебиетқызы Хасанова ие болды. Өзінің ерекше шығармашылық дайындығын, менеджерлік қабілеттерін көрсете білген М. Ломоносов атындағы ЖОМ-нің басшысы Толқын Қадырбайқызы Ажығалиева «Үздік менеджер-2020» атанып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Аудандық білім бөлімі басшысы Құбаева Гүлфара Өтемісқызы байқауға қатысушы мектеп басшыларына ел білімінің дамуы үшін өз үлестерін қосулары, ғылым мен білімнің дамуы жолында аянбай еңбек етулері керектігін айтып қорытындылап, жүлдеге ие болған басшыларды аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапаттады.
Ғалия Сайхолқызы