Технологиялық тұрғыда дамыған ел экономикасы барлық салаға өз серпінін береді. Әрбір қазақстандық азаматтың әл-ауқатын арттыруда қабылданған маңызды қадамдарының бірі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Интернет арқылы www.egov.kz веб-порталына кіріп қажет қызметті алуға болады. Әр адам үйден шықпай-ақ ұялы телефонмен www.egov.kz сайтына кіре алады. Сондай-ақ, ауылдық округте ауыл тұрғындарына арнап өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылып, қызмет көрсетілуде . Осындай арнайы кабинетке келіп, ауыл тұрғындары жұмыс уақытында анықтамаға өтініш бере алады. Бұл «Электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтар қашықтан қызмет түрлерін пайдаланып, анықтамалармен мемлекеттік баж салықтарын, коммуналдық төлемдер, бала-бақшаға кезекке қою сынды мемлекеттік қызмет түрлерін алуына болады. Үйінде техникалық құрылғылары жоқ немесе интернет желісінің әлсіздігінен қызметті пайдалана алмаған азамат, сондай-ақ техника тілін түсінбеген қарт кісілер қызымет көрсету бұрышынан өзіне керек анықтама түрлерін алуда. Сонымен қатар, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауаптар беріліп, көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет түрлері түсіндіріліп келеді. Округтегі бұрыш арқылы 2024 жылдың 9 айында 197 қызмет көрсетілген.
Азаматтарының мұқтаждығы мен қажеттіліктеріне арналған осындай қызмет түрлерінің дамуына өз үлесімізді қосу әрі игілігімізге жарата білу бәріміздің парызымыз.
Г.Кумарова,
Шортанбай ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы