Байда ауылдық округінің аналар кеңесі төтенше жағдай кезінде өтіп жатқан онлайн шараларға белсене қатысуда.
«Біз біргеміз», «Полиция қызметкерлеріне мың алғыс!» челлендждері көптің көңілінен шықты. «Әжелер өнегесі» эстафетасында әжелер немерелеріне бос уақыттарын тиімді ұйымдастырудың жолдарын көрсетті. Бірі тоқыма тоқуға, тағам дайындауға баулыса, келесісі ұлттық аспаптарда ойнауды үйретті.
1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Байда ауылдық округінің орыс, қазақ, беларусь, өзбек ұлт өкілдері Марина Федорова, Рабиға Исмағұлова, Вера Калиева, Лола Зайнебиденова «Достық фестиваліне» қатысып, өз тілдерінде және қазақ тілінде құттықтауларын жеткізді.
Б.Ақмұқанова,
Байда ауылдық аналар кеңесінің мүшесі