Ыстық күнде қорғану шаралары

(0 Votes)

Ыстық өткенде: Күн ыстықта далада көп жүрген адамның жүйкесіне салмақ түседі. Содан тез шаршап, әлсіреп, басы айналады.

Ыстықтан қорғанудың да өзіндік тәртібі бар.

— Ыстықтан қорғану мүмкіндігі болмағанда жүрек қысымы күшейіп, адам терлеп, денесі қызады, ағзадағы сұйықтықтар мен электролит біршама азаяды. Ыстық өткенде адамның басы ауырып, жүрегі айнып, басы айналады, шөлдейді. Осындай жағымсы зәсерлердің алдын алу үшін ыстыққа денені үйрететін жаттығуларды жасау керек және 5-6 күн бойы өте көп мөлшерде су ішу керек. Ыстық өтудің алғашқы кезеңінде адамды салқын әрі таза ауа жетерліктей жерге жатқызыңыз, денесін салқын сулы шүберекпен жабыңыз, су ішкізіңіз Күн сәулесі соққысы — өте қауіпті!

Күн өткен адамның дене терісі қызарып, құрғап, тер шығуы тоқтайды. Басы ауырып, жүрегі айниды. Есінен айрылып, бұлшық еттері тырысады. Зардап шеккен адамды салқын жерде ұстап, мүмкіндік болса киімдерін шешіп тастау керек.

Сондай-ақ, күйген теріге мұз қойып, зардап шеккенді тоңдыруға болмайтынын, ыстығын түсіру үшін аспирин немесе басқа дәрілер бермеу керектігін, ауырған мезетте арақ ішуге немесе темекі шегуге мүлдем тыйым салыну қажеттігін ескеру керек. Ыстық өткенде немесе күн сәулесі соққысын алған жағдайда бірден сапалы медициналық жәрдем көмегін сұрау керек. Ыстық өту және күн өтудің алдын алу үшін мүмкіндігінше көлеңкелі жерлерге ауысып, көп сұйықтық қолдану қажет.

Жалаңбас жүру қауіпті

Ыстықта кімнің болса да мазасы кете бастайды. Мұндайда жасы келген адамдардың, қан қысымы барлар мен жүрегі ауыратындардың, аяғы ауыр келіншектер мен жас балалардың денсаулығын күтіп, ыстықтан қорғанғаны жөн. Олар сағат 11.00 мен 17.00 аралығында күн көзіне шықпай, демалулары керек.

— Негізі ауа температурасы 35 градустан асқанда кімнің де болса алыс жолға шықпағаны дұрыс. Ал көшеге шыға қалса мейлінше көлеңкелі, саялы жерлермен жүруге тырысу керек. Күн ыстықта жалаң бас жүру өте қауіпті! Ауа температурасы 10-15 градустан аспаса да бас киіммен жүрген дұрыс. Ал аптап кезінде бас киімді сулап алып киген пайдалы. Денеге күш түсіретін, күн астында болуға тура келетін жұмыстар мен айналысуға болмайды.

Ал бас айналу, әлсіздік сезілсе дереу салқын, көлеңкеде демалу керек. Мұздай су ішуге болмайды:

— Жазда балалардың күн астында көп жүруіне, терлеп тұрып бірден салқын суға түсуіне, мұздай су ішуіне жол бермеңіздер

— Ыстықта әр адам денедегі су балансын қадағалаған жөн. Сондықтан сусынды жиі пайдалануға болады. Бірақ шөлді аса мұздатылған емес, салқын сумен, көк шаймен, жеміс-жидек, лимон шырынымен басуға тырысу керек. Күнге қыздырынған жағдайда бас денеден біршама жоғары тұруы тиіс, ал бетті бас киіммен немесе сүлгімен көлегейлеу қажет. Теріні де ыстықтан, күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғаған жөн. Бұл ретте арнайы кремдер жағуға да болады.

Жүрек ауырса…

Ауа райындағы өзгеріс жүрегі ауыратын адамдарға жайсыз әсер етеді. Ал күн ыстықта адам көп терлейді.Сұйықтықтың сыртқа көп шығуынан қан қоюланады да, ол ишемиялық ауруларды қоздырып, жүрек ақауын асқындыра түседі. Қан қысымы барлар үшін де күннің ыстығы қауіпті. Сондықтан шілдеде егде және жүрегі ауыратын адамдар күн көзіне шықпағандары жөн. Оларға таңертең және кешке салқын түскенде ғана серуендеуге болады.

Шөлдегенде көк шай, салқын су ішкен дұрыс, бірақ суды бейберекет көп іше беру де зиянды. Кофе ішуге мүлде болмайды. Ал демалатын бөлмені салқындатқан жөн.

ВРЗ Жылы суға түскен тиімді

Жаздың ыстық күндері суға қайта-қайта шомыла береміз.

Қандай суға түскен пайдалы: салқын әлде жылы? Су бойды жағымсыз энергиядан арылтады, термен бірге шыққан май мен тұздан да тазартады. Денедегіжылуды қалыпты ұстауға да ықпал етеді. Көпшілік күн ыстықта қан жылым суға шомылып, салқындайды. Негізі, дәрігер мамандардың кеңесіне сүйенсек, еңдұрысы — жылы су! Мұның сыры капилляр тамырлары мен теріде жатыр.

Жылы су қантамырларын кеңейтеді, ал жылы судан тітіркенбеген дене жылу бөледі. Мұндай сұйықтық буға біртіндеп айналады. Ал салқын су керісінше, әуелі салқындық сыйлайды, қан тамырларын тарылтады, сосын барып ағза қайтадан жылына бастайды. Салқын су тез буланатындықтан, салқындық әп сәтте басылып, бастапқы дене ыстығыкүшейеді.

Біле жүріңіз!

Кондиционер: пайдасы мен зияны.

Қазір үйдегі қоңыр салқын ауа-райын осы жабдық қалыптастырып тұрады. Бұл техниканың басты артықшылығы да — сол. Ол кеңседе де, дүкенде де, тіпті шаштараз креслосында да ыстықтан қорғайды. Бірақ, «бір бөшке балдан да пәле табылады» емеспе…

Біріншіден, құрғақ микроклимат орнатады. Бастапқыда кондиционердің қызметі қоңыр салқын климат сыйлау емес, ылғалдылықпен күресу болған. Үнемі кондиционер қосулы тұрған бөлмедео тырсаңыз, мұрныңыз бен тамағыңыздың құрғап қалатынын сезесіз. Салқын құрғақ ауа тыныс алу органдарының ауруына немесе ангинаның асқынуына әкеп соқтыруым үмкін.

Екіншіден, көмірқышқыл газын көбейтеді. Қазір сплит-жүйелер деп аталатын екі бөліктен тұратын кондиционерлер көп тараған. Бір бөлігі далада, бір бөлігі бөлмеде орналасады. Олар тоңазытқыш секілді жұмыс істейді: бөлмедегі ауа температурасын төмендетіп, қуғанда, оттегі азайып, көмірқышқыл газы көбейеді. Бөлмедегі адамдар тыныс алады, терлейді, жылу бөледі. Бұл жағдай кеңсе қызметкерлеріне жақсы таныс. Ауа жетіспеушілігі ақыл-ой қызметіне әсер етіп, қан айналу процесін бәсеңдетеді.

Үшіншіден, шаң-тозаң таратады. Бұл жабдықтың сүзгісін ауыстырмаған жағдайда болады. Сүзгі ауа тазартуға арналғандықтан, дер кезінде алмастырмаған жағдайда ол өзі жинаған бұрынғы шаң-тозаңды бөлме ішіне таратады. Аллергиясы бар адамдар кондиционер сыйлаған салқыннан көзіжасаурап, тамағы қышып, мұрны бітеді.

Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521