Қылмыспен күрес - тыныштық кепілі

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2021 жылғы 31 тамыздағы №1-5-2-36/2566-И санды нұсқауына сәйкес, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ халық арасында ішкі істероргандарының имиджі мен беделін арттыру бойынша шараларды күшейту мақсатында, ағымдағы жылғы 1 қыркүйек- 1 желтоқсан аралығында ауданымызда «Учаске» республикалық профилактикалық  іс-шарасы  өткізілуде.

Құрманғазы аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған жаза өтеуден жалтарған және іздеудегі адамдарды анықтау, сондай-ақ, есепте тұрған адамдардың қайта қылмыстарын алдын алу мақсатында сотталғандарды тұрғылықты мекен – жайы және жұмыс орындарынан аудандық ПБ-нің ЖПҚ-і учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тексеріп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп бақылау жасалынуда.

Аудандық Пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандардың барлығы 90 – адам. Оның ішінде шартты сотталғандар 11 - адам, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар 57 – адам, жаза өтеу мерзімін кейінге қалдыруға сотталғандар 0 - адам, қоғамдық жұмысқа сотталғандар 2 – адам, белгілі бір лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылғандар 20/12 – адам. Пробация қызметі өз тарапынан осындай жазаға кесілгендерді тәрбиелік дұрыс жолға салып, қайта қылмыс жасаудың алдын алу және болдырмау мақсатында тыңғылықты жұмыстануда.

 

 

А. Мурзабеков,

аудандық Пробация қызметінің бөлім бастығы,

әділет майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521