Уланудан сақтаныңыз!

(0 Votes)

Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды.

Мұндай кезде зардап шегушіге дәрігерге дейін көмектің дұрыс көрсетілуі маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімнен босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз. Егер ол есін біліп жатса оған тыныштық пен үзіліссіз оттегі қажет. Ал зардап шегуші дем алмаса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап, жасанды дем беруге лезде кірісу қажет. Тұншықтырғыш газбен уланудың құрбаны болмас үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын есте ұстау қажет.

- Пештің желдету жүйесінің жұмысына үнемі тексеру жүргізіп, түтін тұрбаларын уақтылы тазалаңыз;

- Тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз.

Ж.Абдуллаев,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21