Ардагерлерімізді құрметтеу – баршамыздың парасатты парызымыз. «Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген болатын хас батырымыз Бауыржан Момышұлы.
Ауданымызда тыл және еңбек ардагерлерінің бұл күндері жасы да – соңы сексеннің сеңгірінен асып, алды жүздің төріне таяп, қатарлары селдіреп қалды. Аудан әкімі Абат Жанғалиев, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Калиева, Amanat Qurmangazy аудандық филиалы төрағасы Ерлан Хисметуллин, аудан әкімінің орынбасарлары Марат Хасанов, Нұрлыбек Қалиев, Құрманғазы Ауылдық Округі әкімі Абдуррахман Муса және дербес бөлім басшылары бастаған іс басындағы азаматтар, қастерлі мерекеде сұрапыл соғыс жылдарында бел жазбай еңбек етіп, қиындықтарды жеңе білген кешегі тыл еңбеккерлерінің шаңырағында болып, сый-құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, Жеңіс мерекесінде ардагерлерімізге “Құрманғазы ауданына 95 жыл” арнайы төсбелгісі табыс етілді. Өз кезегінде қариялар осындай құрмет көрсетіп жатқан аудан басшысы мен қосшыларына зор ризашылықтарын жеткізіп, бейбіт өмір мен еңбектеріне табыс тіледі.
Құрманғазы ауданы әкімінің баспасөз қызметі