Цифрлық өзгерістер – экономикалық дамудың жаңа мүмкіндігі

(0 Votes)

Президентіміздің Жолдауы — еліміздің дамуына тың серпін беретін стратегиялық бағдар. Әсіресе экономиканы цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу мәселесіне ерекше мән берілгені қуантады. Бұл жаңа технологиялар бизнестің тиімділігін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халыққа қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға жол ашады.

Сонымен қатар Жолдауда мемлекеттік басқаруды цифрландыру, ашықтық пен жауапкершілікті арттыру мәселесі де атап өтілді. Бұл — сыбайлас жемқорлықты азайтып, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтудың басты құралы. Біз, жас кәсіпкерлер, осындай өзгерістерді қолдаймыз, өйткені ол елімізді жаңа өркениеттік деңгейге көтеретініне сенімдіміз.

Бержан Кенжебаев,

“Құрманғазы” СДО басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT