Ауданда ауыл тұрғындарымен кездесу жалғасуда, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Теңіз Ауылдық Округі - дегі жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангельды Хайдарович қатысып, аудандық мәслихат төрағасы Гульжаннат Калиева төрағалық етті. Алдымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Амангелді Мұратов ауданда жыл ішінде іске асқан және жоспарланған жұмыстардан хабардар етті. Бұдан соң ауыл әкімі Кайсар Махсутов ауылдық округте жасалған жұмыстар легін атап өтті:
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Достық көшесіне 35 дана жарық шамдары орнатылды. Теңіз ауылында орналасқан көпірге жөндеу жүргізілді;
Қоқыс алаңын қоршау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіліп, «Нұр Гарант» ЖШС-мен келісім шарт жасақталып, тиісті жұмыстары жүргізілуде;
Теңіз ауылындағы бұрынғы балабақша ғимаратын қайта жаңғырту үшін жобалау – сметалық құжаттамасын жасақтау үшін, облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «ASK PROJECT 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасақталып, тиісті жұмыстары жүргізілуде;
Теңіз және Дәулет ауылдарынан балалар ойын алаңын салу үшін жобалау – сметалық құжаттамасы сараптамадан өтіп, облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшін бюджеттік өтінім жолданды;
Ауылдық клубқа 126 орындық жаңа ғимарат құрылысын жүргізу үшін демеушілік негізінде жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.
Ауыл азаматтары сауалдар жолдап, тиісті бөлім жауаптарын берді.
Жиын соңында Амангелді Хайдарұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.