Теңіздіктер талап-тілегін жеткізді

(2 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев, оның орынбасарлары және дербес бөлім басшыларының қатысуымен аудан әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында онлайн форматта кезекті есеп беру жиыны өтті.

Теңіз ауылдық округінің әкімі Анарбек Баймұханов округтің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен 2021 жылы алға қойылған мақсат-міндеттерді тізбектеді. Түйінді жайттар қатарында ескі мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, ауылдық мәдениет үйі құрылысын салу және жазғы су құбыры мәселесін шешу қажеттігі бар екенін айтты.

Аудан әкімінің кеңесшісі Наурызбай Бисенғалиев ауыл тұрғындарынан округ әкімшілігі ғимаратындағы сенім жәшігіне түскен ұсыныстар мен өтініштерді қаперге берді. Сұрақтар легіндегі ауылдағы Жеңіс, Дина, Құрманғазы көшелеріне қосымша жарық орнату "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы негізінде жоспарға алынғанын жеткізді округ әкімі А.Теміртасұлы. Сонымен қатар, ауылдың шығыс бөлігіндегі қоқыс төгетін орын алдағы уақытта Приморье елді мекенінің батыс жағына ауыстырылады. Ауылішілік тозығы жеткен электр бағандарын жаңалау туралы сұраныс хат "Атырау-Жарық" мекемесіне жолданған, жауабы күтілуде. Ал, зираттарды қоршауға алу ісі биылғы жылы басталғалы отыр.

Қорытынды сөз алған аудан басшысы Қайрат Нұртаев округ әкімінің баяндамасына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, оған қоса кеміген мал басын көбейту аясында бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, өткен жылғы тұрғындар жиынында көтерілген ұсыныс-пікірлердің орындалысына кеңінен тоқталып өтті. 
 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521