Тазалық сақтау мәдениетіміз төмен

(1 Vote)

Қылышын сүйретіп, қаһарлы қыс та жеткен. Ақылы қызметкерлер беті-қолын аяз қарып, кірпігіне мұз қатса да қоқыс алаңдарын тазалап, жинастырудан бір тынар емес.

Мен жұмыстарымен танысып, оларды аралаған күні ауа-райы өте суық болды. Азғантай минуттың ішінде денемді салқындық билеп, дірілдей бастадым. Күннің дауыл бораны мен аптап ыстығына да қарамай, «еңбектің ұяты жоқ» деген ұранмен «жанкештілікке» барар жандардың қадіріне жетер жандар тіптен кемде-кем.

bez-imeni-5

Округтегі Құрылыс шағын ауданының көше тазалығына жауапты ақылы қызмет бригадирі Айжан Шайхиева:

- Менің аталмыш салада үздіксіз жұмыс атқарып келе жатқаныма биыл 15 жыл толады. Жалғыз басты анамын. Ала таңнан күн қарайғанға дейін белім бүкірейіп, ашық аспан астында қалдық-қоқысты тергеніміз үшін айына алатын жалақымыз мүлде мардымсыз, азық-түлігімізге әзер жетеді. Айтар уәжіміз: маңдай терімізді бағалап, жалақымызды жоғарылатса, тым болмаса соны қолымызға уақытымен айдың аяғына қарай алсақ... Контейнерлерді тінтитін ит-құс, сиырға тосқауыл ретінде сым қоршау салынса – біз үшін де, қоршаған ортаның тазалығы үшін де үлкен көмек болар еді. Бір ғана Құрылыс шағын ауданында 20 контейнер алаңы бар. Айналдырған 5 қызметкер соның бәрін жинауға үлгеру үшін уақытпен санаспай, бар күш-жігерімізді аямаймыз. Көше тазалығына деген тұрғындардың мәдениеті өте төмен. Тіпті, ауласының айналасының ажарын кіргізіп қоюға да құлшыныстары жоқ. Бәрін бізге міндет қылады. Ар-намысымызға тиетін сөздер де айтып, төбемізден төніп қарайды. Қоқысты қолдарына ұстап келе жатады да, контейнерге аяқ аттам жер қалғанда, сыртына лақтыра салады. Бұл жұмысымызға едәуір ауырлық туғызады,-деп қынжылысын білдірді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521