Тұрғындардың 57 ұсыныс-пікірі ескерілді

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына 50 делегат қатысты.

Олардың қатарында аудандық партия филиалы саяси кеңесінің және саяси кеңесі бюросының мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Коференцияны партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қайрат Нұртаев жүргізді.

img_5678

Алғашқы сөз берілген мандат комиссиясының төрайымы Жанар Шамеденова делегаттар құрамымен таныстырып: – «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына әрбір 40 партия мүшесінен 1 делегат сайлау тәртібімен 50 делегат қатысып отыр. Олардың сапалық құрамына тоқталсақ, 43-і жоғары, 7-сі арнаулы орта білімді. 21-і білім, мәдениет және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Делегаттар құрамында 8 аудандық мәслихаттың депутаттары, 19 бастауыш партия ұйымдарының төрағалары бар. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінен 1, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдерінен 2 адам сайланған. Жалпы делегаттар құрамының 37-сі ер, 13-і әйел адамдар, - деп оларды сайлау партия жарғысына сай өткендіктен, коференцияның жұмысын бастауына толық негіз бар екенін жеткізді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе, «Nur Otan» партиясының Құрманғазы ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы жобасын бекітуге тоқталған аудандық партия филиалының төрағасы Қайрат Талапұлы: – Өздеріңізге белгілі, «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалында 17 тамыз бен 4 қазан аралығында партияішілік іріктеу-праймериз өткізілді. Партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның ХІХ съезінде берілген тапсырмасына сай партияішілік жаңғыру жұмыстары қолға алынды. Съезде партия төрағасы кадрлық резерв дайындаумен қатар, әрбір елді мекеннің дамуына басты назар аударуды, партиялық жобаларды қолға алуды тапсырды. Соның негізінде ауданның, ауылдардың тәуекелдер картасын жасап, барлық өзекті мәселелерді саяси бюрода бекіттік. Ауданның 2021-2025 жылдарға даму жоспары мен сайлауалды бағдарламасы өздеріңізбен келісіп, аудандық, облыстық салалық бөлімдерімен зерделеніп, облыс әкімі, облыстық филиал төрағасы Махамбет Жолдасқалиұлының және партияның орталық аппараты алдында қорғалды. Осыған орай, ауданның сайлауалды бағдарламасын партия праймеризі негізінде тұрғындардан түскен 57 ұсыныс-пікірді ескере отырып қабылдап, конференцияда бекітуге ұсынамын. Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын ұйымдастырып өткізу үшін «Nur Otan» партиясының аудандық сайлауалды штабы құрылды, - дей келе оның төрағалығына аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев, орынбасарлығына партия мүшесі Есболат Құбашев сайланғанын қаперге берді.

img_5702

Келесі кезекте Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша ұснылатын кандидаттар Сабыржан Сұлтанов, Жұмажан Шакупов, Камшат Меңдіғазиева, Ернар Боранғалиев, Мереке Құмаров, Гүлсара Мүтиева, Нұрлан Хұсайынов, Қанат Ғұмаров, Арайлым Қаржауова, Жеңісбек Бисенов арасында ашық пікірсайыс өткізілді. Олар жеребе суырып, екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Пікірсайыс аяқталғаннан кейін делегаттар оған қатысушыларға дауыс берді. Дауыс беру көрсеткішімен жоғарыда аталған он үміткердің алғашқы бесеуі жеңімпаз деп танылды. Бұл жөнінде «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының есеп комиссиясының төрағасы Төремұрат Құбашев мәлімдеді.

img_5709

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев аудандық маслихатқа депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізіміне енген үміткерлерді жариялап, ол делегаттар тарапынан қолдау тапты. Конференция жұмысын аудандық партия филиалының төрағасы Қайрат Талапұлы қорытындылап, пікірсайысқа қатысушыларға алдағы күндерде сәттіліктер тіледі.

Қанат ЗАРЛЫХАНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT