Түнгі мезгілде өз көлігімен жүрген құрманғазылық ұсталды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы аумағында төтенше жағдайларға байланысты Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай, жүргізілген рейдтік шаралар кезінде карантиндік шектеу режимін бұзған  1 жеке тұлға анықталды:

1) 06.04.2020 жылы сағат 22:30да жеке тұлға «М.Қ» Құрманғазы ауылы Абай көшесі бойында өз басқаруындағы автокөлікпен шығуға тиым салынған уақытта жүрген, яғни 22:00 ден кейін тұрғылықты жерінен тыс жерде болғаны үшін карантиндік іс-шарасының талаптарын сақтамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 бөлігімен  әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Ескерту берілген).

Төтенше жағдай кезінде Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен белгіленген карантандік және шектеу шараларын бұзған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатындығыңызды Аудандық полиция бөлімі ЕСКЕРТЕДІ.

Аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT