Түйе сауып, балдай шұбат ұсынған Мәруса (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Ақкөл ауылының тұрғыны, түйе сауып, өнімін жұртшылыққа ұсынып отырған Алиповтар отбасының келіні Қуанғалиева Мәруса Үкіметқызының күнделікті ісі түйе сауу, одан шұбат дайындау сәтінен ауылдық аналар кеңесі түсірген бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.

Қорадағы боталарды біртіндеп шығарып, түйе саууға кірісуде. Өзінің шұбаты осы өңірдегі таза әрі тәуір шұбат екенін түйеші мақтанышпен айтады. Шұбатты емге ішу үшін тапсырыс берушілердің саны көп екен.

«Түйе - салтанат, жылқы - қос қанат» дейді халқымыз. Түйені асыл сүйекті деп таныған ата-бабамыз оны ұлық жануар деп біліп, түліктің төресіне теңеген екен.

Осы малды баққан жанды да қатты құрметтеп түйеші демей, «ұлық баққан» деген деседі. Ендеше, Мәрусаның өз кәсібі туралы айтқан әңгімесін тыңдай отырып, ұлық баққан отбасының өрісі кеңейе беруін тіледік.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521