ҰСТАЗДАР САЙЛАУДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

(0 Votes)

Сафон ауылдық округінде ауыл әкімін сайлау науқаны жалғасып жатыр. Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектептің мұғалімдері де өз таңдауларын жасауға келіп, азаматтық жауапкершіліктерін көрсетуде.

Атап айтқанда, Абулхасимов Ерік, Абулхасимова Эльмира, Есенбеков Қуаныш, Ажмуратова Ақмарал, Убишева Айман, Жубанаева Гүлмира, Сдыхова Гүлсара, Амангалиева Самал және Султанияева Ғалия сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Ұстаздар бұл сайлауды ауылдың болашағы үшін маңызды қадам деп санайтындарын атап өтті. Олар әділдік пен ашықтықтың қамтамасыз етілуі елді дамытуға серпін беретініне сенім білдірді.

Ауыл әкімін сайлау науқаны әлі де жалғасып, жергілікті тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыруда.

Әділет ҚАНАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT