Ардақты да аяулы ұстаздарымыз туралы қанша жырласақ та артық етпейді. Ұстаздар мерекесі қарсаңында Құрманғазы аудандық оқушылар үйінде “Ұстазыңды құттықта!” акциясы аясында “Ұстаз-ата-ана-оқушылар арасында үстел басындағы сырласу” мерекелік кеші өткізілді.
Мерекелік кешті мектеп психологы Болатова Гүлсезім Серікқызы «Жылы сөздер шеңбері» атты ата- аналар мен оқушы, ұстаз арасында тренингпен ашып, одан әрі сурет безендіруші Ташаева Гаухар Байқожақызының жүргізуімен «Ұстазға хат» үйірме оқушыларының ұстаздарына деген жүрек үні, алғыс сөздеріне кезек берілді. Дастархан басындағы мерекелік кеш ұстазға деген алғысқа, оқушының арманына, ата-ананың сеніміне ұласты. Бірнеше бөлімнен тұратын мерекелік кешті оқушылар үйі директорының орынбасары Мендигазиева Камшат Тасқалиқызы мен “Сахна мәдениеті” үйірмесінің оқушысы Ғазиз Азамат жүргізді.
Оқушы, ата-ана, ұстазбен бірлескен “Үштік одақ” жайлы “қуыршақ театры” үйірме жетекшісі Клара Мадекешова оқушысы Дюсембай Гүлім анасы Сарсенғалиева Жазираның сомдаған бүгінгі оқушының келбетін суреттеген шағын көріністері де тәлім тәрбиелік мәні зор болды.
«Естеліктер сәті» бөлімінде жетекшілер «Су транспорты» үйірме жетекшісі Ихсанов Қуантхан, «Көңілді ағылшын» үйірмесінің жетекшісі Садуахасова Людмила, «Жас биолог» үйірмесінің жетекшісі Досмағамбетова Мейрамгүл, «Епті қолдар» үйірмесінің жетекшісі Сдихова Гүлнұр, «Қарлығаш» би үйірмесінің жетекшісі Мадекешова Клара, «Көркем жазу» үйірмесінің жетекшісі Құлбаева Гүлфара жас мамандар «Роботтар әлемі» үйірмесінің жетекшісі Евниенова Эльмира, «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің жетекшісі Аманқызы Аяулым, «Зейін» үйірмесінің жетекшісі Рахметқызы Арайгүл тб өздерінің еңбек жолындағы, оқушыларымен жеткен жетістіктері жайлы қызықты да тағылымды ойларымен бөлісті.
“Автомодельдеу” үйірмесінің оқушылары Исағали Назира мен Қалы Мадинаның шырқаған «Ұстазым» әндері де шараның шырайын келтірді. Мерекелік кеш оқушылар үйінің алғыс хаттарымен, марапаттау сәтімен аяқталып оқушы ата-ананың мерейі үстем болды.