Құрманғазы аудандық спорт кешенінде Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Жаудин Хамит Айбекұлының туғанына 100 жыл толуына орай еске алуға арналған кіші аяқ добынан турнир оздырылды.
Жарысқа 14 құрама қатысуда. Сайыс ардагердің ұрпақтары мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтуде.
Ашылу салтанатында спортшылар алдында соғыс ардагерінің ұлы Талғат Жаудин сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс 2 күнге созылады.