Соңғы қоңырауда Жұмекен жырлары оқылды

(0 Votes)

Кеше қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшетін, оларды асыға күткен жазғы демалыстарына шығарып салатын соңғы қоңырау салтанаты өтті.

Тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің оқушылары бір сатыға, бір сыныпқа жоғарылағалы тұр. Осы орайда бүгінгі қашықтықтан өткен "Соңғы қоңырау" шарасын оқушыларымыз жақсы қабылдап, мектепке ұстазға деген ризашылықтарын жолдауда.

Салтанатты шара білім беру бөлімінің басшысы Гульфара Өтемісқызының онлайн құттықтауымен басталды. Бүгінгі салтанатты шараға педагогикалық ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Атырау қаласының Құрметті азаматы Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы қатысты.

img-20200526-wa0014

10 "а"-сынып жетекшісі Сания Есенқызы Zoom платформасы арқылы сынып сағатын өткізді.Оқушылар сынып сағатын көрнекті ақын, жерлесіміз Жұмекен Нәжімеденовтің 85 жылдығына орай "Atyray" телеарнасының бастамасымен жүзеге асырылған #Jumeken85 өлең эстафетасына қолдау білдіріп, ақынның жырларын оқыды.

Мектеп басшысы Г.Калиева бүгінгі шараға қатысқан қонақтарға, ата-аналар мен оқушыларға алғыс білдіріп, жазғы демалысты көңілді өткізуге тілек білдірді. Сонымен қатар әр сыныпқа Жастар ресурсы орталығының инспекторы Дархан Иргазиева, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері ,мектеп түлегі Айжамал Арыстанова, Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Гулден Кумарова,ардагер ұстаздар,мектеп әкімшілігі қатысып,өз құттықтауларын жолдады.

Б.Бегалиев мектебі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521