Шекарашы – ел қорғаны

(0 Votes)

Котяев ауылында орналасқан ҰҚК Шекара қызметі жағалау күзеті 3 дивизионы кіші катерлер тобында отаншылдық рухқа жетелейтін тәлім-тәрбиесі мол шара өткізілді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылған күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға жеке құраммен қатар Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектептің бір топ оқушылары қатысты. Әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан шекарашы жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Салтанатты сап алдында сөз сөйлеген аталған топтың басшысы, капитан Мейір Нұрсейіт мерейлі даталарға орай баспадан шыққан «Мемлекеттік шекара» кітабының қысқаша мазмұнымен таныстырып өтті.

005b3376-f624-432d-a876-9f86106ee2d6

Шекара қызметінің қалыптасу кезеңдері, ел аумағын күзетудегі шекарашылардың жанқиярлық ерлігі, күнделікті тыныс-тіршілігі, арнаулы қызмет жайлы баяндалатын кітапқа қысқаша шолу жасаған ол:

«Аталған кітаптың оқырманға арнаған алғы сөзінде ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов ел азаматтарының тыныш өмір сүріп, еңбек етуі үшін жедел қызметкер мен жауынгер-шекарашы күні-түні, ыстық пен суықта, қар мен жаңбырда қызмет өткеретінін, қырағылар мен қаһармандар қызмет ететін құрылымда мақтан тұтарлық істер баршылық екенін айтады. Өкінішке орай, бұл кітапқа тек құпиясын ашуға болатын ақпараттар кіріп, нақты оқиғалар мен фактілердің документалистиканың қатаң стилінде жазылғанымен өз оқырманын табатынына сенімін білдіреді» деді.

ab98a830-add1-4b16-a5a0-05ef9accf46f

Бұдан соң Тәжік-Ауған шекарасындағы қақтығыс кезінде ерлікпен қаза тапқан Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының тумасы Раджан Батырханов туралы әсерлі әңгімеледі.

– Раджан 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып, әскери борышын Күршімдегі шекарашылар отрядында атқарды. 1994 жылы Тәжік-Ауған шекарасындағы Ресей Федерациясының әскери құрамасының сапында келісімшартпен Таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог деген қалашығының маңында топтастырылған Қазақстан шекаршылар батальоны құрамында пулеметші болып қызмет етті. 1994 жылы 28 қыркүйекте шекараны бұзып өтпекке ниеттенген содырлардың 200-ден астам қарулы тобымен тоғыз автокөлікпен ТМД-ның оңтүстік шекарасын кесіп өтіп, Хорог қаласына бет алады. Олардың жолын Қазақстан-Ресей шекарашылары кеседі. Биіктік үшін кескілескен шайқаста Ресей офицері Владимир Селюк пен Қазақстан қарулы күштерінің кіші сержанты Раджан Батырханов бірінші болып көзделген нысанды алады. Ауыр жараланған лейтенантты 19 жастағы қазақ жігіті қарша бораған оқтың астынан алып шығып, өзі автоматынан содырларға оқ жаудыруын тоқтатпайды. Сөйтіп бөлімше жауынгерлерінің орын ауыстырып, моджахеттерді тылдан соғуға жағдай жасайды. Әскери тапсырманы орындау барысында қазақ батыры ерлікпен қаза тапты. ҚР Президентінің Жарлығымен ТМД шекарасын қорғау кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін кіші сержант Раджан Батырханов қаза тапқанннан кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Батырдың туған жері Катонқарағай ауылындағы көшеге, 2000 жылы 5 қыркүйекте ҚР Үкіметінің қаулысымен Күршім шекара отрядының «Чиндагатуй» заставасына Раджан Батырхановтың есімі беріліп, обелиск орнатылды. Душанбе қаласында кіші сержант Раджан Батырханов атында мектеп және көше бар, - деп қаһарман шекарашы жайындағы бейнефильммен танысуға шақырды.

 

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521