Шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімі Абат Жанғалиевтің  төрағалығымен, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департамент бастығының орынбасары Амир Болдыруковтың қатысымен  шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кеңеске аудан прокуроры А.Сахиев, аудандық мәслихат төрағасы Г.Қалиева, аудандық шекара бөлімі, дербес бөлімдер, аудандық ветстанса мамандары мен округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – аудан аумағында шекара мәселелері бойынша қалыптасқан жағдай және «ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының талаптарының сақталуы жөнінде шекара бөлімі баянат етті.

Баяндама барысында келесідей өткізу пункттеріндегі проблемалар қозғалды.
«Жалғызапан-Баскунчак» өткізу пунктін электр жарығымен, ауыз сумен, жол белгілерімен қамту;
«Балқұдық-Харабали»  өткізу пунктін  ток көзі, ауыз су, өртке қарсы құралдармен қамту;
«Қиғаш-Малый Арал» су сорғыш насосын ауыстыру қажет;
«Көптоғай-Теплинка» өткізу пункті инфрақұрылыммен қамту:

Сонымен қатар, баяндамашы «Құрманғазы» шекара бөлімі бастығының  міндетін атқарушы Н.Сабыр үй жануарлары  қараусыз  қалып, шекарадан ары өтіп кету факті жиілеп кеткенін айтты.

Келесі кезекте ауыл шаруашылық жануарларын тіркеу, оларды бағу тәртібі жайында аудандық  ветстанса, ветеринариялық қадағалау комитеті басшылары баяндама жасады.

Баяндамалар аяқталған соң, аудан басшысы, жиын төрағасы тарапынан бірнеше сауалдар жолданды.

Жалпы алғанда аудан әкімі бұл қызметте белгілі бір алгоритімді жүзеге асыру,  әр округтегі ветеринариялық дәрігерлерге мал сырғалауды тиісті деңгейде жүргізуді тапсырды.

Көтерілген мәселелерге қатысты ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департамент бастығының орынбасары Амир Болдыруков сөз алып, шекараға қатысты қызметте барлық жауапты өкілдер өз құзыреттеріне жауапты қарап, бірлесе жұмыс атқаруды талап етті. 

Жиын қорытындысында аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы Мемлекеттік шекараны кесіп өтудің оңайлатылған өткізу пункттерінің жай-күйлері бойынша аудандық шекара бөлімі жолдаған ұсыныстарды негізге ала отырып, жұмыстарды ұйымдастыруды сала бойынша орынбасары Марат Хасановқа тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT