Шекарада автоөткел болады

(0 Votes)

Сүйіндік ауылдық округінің әкімі Қанат Құлшар есепті хабарламасында атқарылған жұмыстарға, алдағы міндеттерге тоқтала келіп: – Қараша айында аудан әкімшілігі бастамасымен Ресей мен Құрманғазы ауданы басшылары шекарада кездесіп, өзара келісіп, халық тұтынатын негізгі тауарлардың Қазақстанға өткізілуіне жол ашты. Осындай іс-шаралар арқасында дүкендердегі азық-түлік бағасы бұрынғыдан едәуір арзандады. Алға қарай шекарада автоөткел болатыны, азық-түлік және басқа тауарлар тоқтаусыз өткізілетіні үшін аудан әкімі Қайрат Талапұлына халықтың ризашылығы шексіз, - деп ауылдағы мүгедек балалары бар отбасыларына жыл сайын қой беріп, тазалыққа сұйық отынмен көмектесіп, демеуші болып жүрген шаруа қожалығы иесі Әлім Тәменовке ризашылығын білдірді.

img_9215

img_9222

Ауыл тұрғындарынан Мәннап Қошаев, Меңжан Кенжеғалиев, Ақажан Хизин және басқалары техникаға салынатын салық, мал ұрлығы, ауыз сумен қамту және басқа да мәселелер төңірегінде сұрақтар қойды. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақтыгерей Сейітханұлы пошта қызметін жолға қою, мал таситын автокөліктерге жергілікті жерден рұқсат беру жайлы сөз қозғап, округ әкімінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Аудан әкімі Қ.Нұртаев жыл ішінде атқарылған жұмыстардан хабардар етті.

Ұрлыққа қарсы жаза күшейтілді

Бұған дейін Асан, Азғыр ауылдық округтерінде заңнамалардағы өзгерістер, үш жылға шағын бизнесті тексеруді үш жылға тоқтату мораторийіне қатысты түсінік берген аудан прокуроры Магилан Рахимов: – Жаңа Қайрат Талапұлы айтып өткендей Қылмыстық Кодекске 27 желтоқсан күні өзгеріс, «Мал ұрлығы» деген бап енгізіліп, 11 қаңтарда қолданылуын бастады. Енді мал ұрлығы бойынша жауапкершілік күшейтілді. Қазір бұл санаттағы қылмыстарға ең төменгі жаза 5 жылға дейін. Бірінші рет жәбірленушіге келтірген шығынды өтеп татуласса, екінші қайталаса оған мүмкіндік болмайды. Жеке адамға, экологияға қарсы, көлік, есірткі саласында қылмыс жасағандарға да заңнама күшейтіліп жатыр. Көлікті мас күйінде басқарып, бірінші рет ұсталса 15 тәулікке қамалып, 7-10 жылға көлік басқару құқынан айырылады. Екінші рет қайталаса 5 жылға сотталып, көлік басқару құқымен мәңгілікке қоштасады, - деп ұрлыққа жол бермеу үшін малды уақытымен сырғалап, бақташы шығарған дұрыс екенін түсіндіріп, сенім телефонын айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

img_9238

img_9240

Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеулиев:– Биыл 40 адамға қайтарымсыз грант берілгелі отыр. Онымен шектеліп қалмасы анық. Бұл өз кәсібін ашқысы келгендерге тиімді. Отбасына шаққанда табыс 20 мыңнан кем болса АӘК тоқсанына бір рет беріледі. Малы, еңбекақысы есептеледі. Тек шәкіртақы, мүгедектерге берілетін жәрдемақы, алтын алқа иелері есептеуге кірмейді. Үш балалы адамдарға төленбейді, - деп жәрдемақылар жөнінде толық түсінік берді.

img_9229

Аудан әкімі Қ.Нұртаев ардагер Мәннап Қошаевқа ауданның Құрметті азаматы атағын табыстады. Сүйіндік ауылдық округі әкімі есеп беруінен кейін аудан басшысы, аудан прокуроры мен бөлім басшылары тұрғындарды қабылдады.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521