Шекара басшысы тұрғындармен кездесті

(0 Votes)

«Сазды» шекара бөлімшесінің бастығы капитан Алтынбек Сабетқанов 13 сәуір күні Қиғаш ауылдық округінің тұрғындарымен жиын өткізді.

Жергілікті тұрғындармен жиын барысында бірқатар мәселелер қозғалды. Атап айтсақ, шекара сызығымен өтетін темір сымды қоршаулар №71 шекара белгісінен бастап жүргізілетіндігі қаперге берілді. Ал, №30 шекара белгісінен №38 шекара белгісіне дейін дәнекерленген тормен қоршаулар жүргізілетіні айтып өтілді.

Сонымен қатар, шекаралық аймақта жүру және онда тұру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарында өздерімен бірге қандай құжаттары болуы керектігі, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңнамасының талаптары таныстырылды.

Кездесу барысында тұрғындарға шекара аймағы режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзған жағдайда ҚР ӘҚБК -нің 510 бабымен – 5 АЕК, еліміздің аумақтық және ішкі суларының режимін бұзса осы заңның 512 бабымен – 20 АЕК, мемлекеттік шекара тәртібі бұзылған болса аталған кодекстің 514 бабымен – 5 АЕК түріндегі әкімшілік жаза қолданылатыны ескертілді.

Сазды шекара бөлімшесінің оң жақ қапталында орналасқан №51 мен №71 шекара белгілеріне дейін сым қоршауларын жеке шаруалардың, мал шаруашылығымен айналысып отырған азаматтардың малдары бұзып кетсе мемлекеттің мүлкіне нұқсан келтіргені үшін заңнама талаптарымен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығынан, жеңілдетілген өткізу пунктерінен жанар-жағармай, тамақ өнімдерін және тағы басқа тыйым салынған заттарды заңсыз алып өтуге тыйым салынғанынан хабардар етті. Соңында ауыл тұрғындары тарапынан туындаған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарылды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT