Шайбалы хоккейден турнир өтті (+ВИДЕО)

(2 Votes)

Құрманғазы ауданында 20 қаңтар күні шайбалы хоккейден аудандық турнир өткелi отыр.

Ресми дода алдында оған қатысатын кейбір командалар шеберліктерiн шыңдай түсу мақсатымен өзара жолдастық кездесу өткізді.

fb_img_1610866684101

16 қаңтар күні Жапырақ елді мекенiндегi көк мұз үстіндегi турнир "Ардагерлер" және "РТС" командалары арасындағы ойынмен басталды. Ойын қорытындысы 4:2 eceбiмен "РТС" командасының пайдасына шешілді. Келесі кезекте "Жастар" мен "Ардагерлер" командасы мұз айдынында бақ сынады. Бұл ойын 2:1 көрсеткiшiмен бірiншiciнiң жеңiciмен аяқталды.

Одан кейін "Жастар" командасы қарсыластары "РТС" командасын да 5:3 есебімен ұтып көш бастады. Қатысушы командалардың барлығы да жақсы ойын көрсеткенiмен, әр сайыста жүзден жүйрік шығатындар болады.

Бiрнеше сағатқа созылған жарыста I орын "Жастар" командасына бұйырды.

Екінші орын РТС командасына тиді.

Үшінші орын "Ардагерлер" командасына бұйырды.

fb_img_1610866676996

Енді аталған командалар басқа да қатысушылармен бірге 20 қаңтарда өтетін аудандық турнирде өз шеберліктерін көрсетеді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521