Үш қабатты он үй салынады

(0 Votes)

Аймақ басшысы М.Досмұхамбетов Кадырка ауылында жаңадан салынып жатқан 60 пәтерлік үш қабатты үйдің құрылысына ат басын тіреді.

Бас мердігері «Декор» ЖШС. Былтыр басталған бұл нысан биылғы маусымда аяқталуы тиіс. Аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың айтуынша тағы екі үйдің құрылысы басталмақ, қазір жобасы жасалуда.

img_9719

Жалпы болашақта бұл жерге 10 үй салынып, 600 пәтер болады. Облыс басшысы құрылыстың мердігерінен уақытылы қаражатпен қамтылу, жаңа үйге жылу, су жеткізу, жол, кәріз жүйесін салуға қатысты сұрақтар қойып, жұмыстың сапалы шығуына назар аударуды тапсырды.

img_9722

Құрманғазы ауылының арқа жақ батысындағы «Шипажай» мөлтек ауданына асфальт жол салынып қойған екен. Болашақта мұнда 468 үй салынады.

img_9727

 Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521