«СЕРПЕР» СІЗДЕРМЕН БІРГЕ!

(0 Votes)

«Туған ай туралған етпен тең» дегендей, 2025-тің де есептесіп, есікті қаққалы тұрған келесі жылға кезегін беретін уақыты да жақындады. Жайлылығымен өткен жылан жылы аудандағы жалғыз ақпарат құралы – «Серпер» газеті 95-ке толған торқалы жасына жетті.

Жарияланымдарындағы ақпараттың молдығы және сан түрлілігімен, әдемі безендірілуімен оқырмандарын апта сайын қуантатын мерзімдік басылымның қашанда мерейі үстем. Шағын деген күнделікті хабар-тебердің өзін бойына қан жүгірте жеткізетін журналистердің еңбектері ерекше. Оқырманға керегі жалаң ақпарат емес, селт еткізер жағымды жаңалық пен жанды жарияланым. Тарихи-танымдық мақала мен оқиғаның ақ-қарасын ажыратуға бағытталған шынайы материал.

Әне-міне дегенше келесі жылға жазылу науқаны да келіп жетті. Иә, қазіргі кезең жедел ақпарат таратудың заманы. Ғаламтордың ғаламаты айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызады. Аптасына бір рет шығатын газеттің хабары ескіріп барып жетеді дейтін шығарсыз. Мұныңыз да жөн, дейтұрғанмен желідегі жел сөзден гөрі, газеттегі есті сөзге сеніңіз. Сол үшін де газет-жорналға жазылып оқығандарыңыз абзал. Қолыңдағы газетіңе интернетіңнің керегі жоқ, байланыстан тыс жерде де тұшынып оқи бересіз. Мерзімдік басылымның абоненттік құны да анау айтқан қалтаға соқпайды. Келесі жылы шамалы өскелі тұр, оған аудандық газеттің, бас мекеме – «Атырау-Ақпараттың» да, мерзімдік басылымның мезгілімен сіздің қолға уақтылы тиюіне жатпай- тұрмай жұмыстанатын поштальонның да еш кінәсі жоқ. Типография баспа құнын өзгеріссіз қалдырды, тек «Қазпоштаның» республикалық басшылығы тасымалдау тарифін 600 теңгедей көтеріп отыр. «Серперге» жазылу үшін алты айға жеке тұлғаларға – 2176,46 теңге, заңды тұлғаларға – 4352,92 теңге. Қадірменді оқырман, бұл мәселеге байыпты түсіністікпен қарап, сүйікті «Серперімен» бұрынғыша байланысты үзбейді деген сенімдеміз.

Редакция ұжымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT