Серпер – бұл...

(0 Votes)

 

Серпер – бұл, не бар дейсіз дара мұнда?!

Алдымен анықтап бір қарадың ба?

Қолыңа ал, сездің бе енді қасиет-сөз

Төгілер оның әрбір парағында.

 

Сыры да, қыры да сан бар, айтайын,

Хабардың жаршысы ғой ол әрдайым.

Мінеки, оқып ойға шома алдың ба

Жалғыз қалған ананың жанайқайын?!

 

Ал, балғын үзді ерте күдер неден,

Қай жайтқа сырттай көзін тігер бөтен?!

Ой-қырды мазалаған сұрақ қандай,

Шопанның таяғы ұстар түгел ме екен?!

 

Сыйластық ағайындар арасында,

Қимастық білер өмір бағасын да.

Сүйінші де көркейтер көңіліңді,

Күйініш те бойды өртер бәрі осында.

 

Мен де одан қуат ап, арман түздім,

Келмейді тыңнан салған жолдарды үзгім.

Себебі ол – қылыш бетін жарған мұздың,

Алақан басын сипар қорғансыздың.

 

Қатталған тарихымның бары ғажап,

Оқығанның табады жаны ләззат.

Серперім - туған жердің тамыры ғой,

Тамырынан қалай жұрт ажырамақ?!

 Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521