Сайлаудың өту барысына көңiлімiз толады (+ВИДЕО)

(0 Votes)

Бүгін өтiп жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының сайлауына Құрманғазы ауданы тұрғындарының қатысу барысы жақсы.

Ертелетiп отбасымен келiп жатқандары да бар. Құрманғазы ауылының " Мерей" балабақшасында орналасқан N171 сайлау учаскесінде болғанымызда мұндағы тiзiмдегi 1137 адамның 50%-ы дауыс берiп үлгерiптi. Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Рита Өтепқалиева бiзбен әңгімесінде ауыл тұрғыны Серікбол Қуанғалиев алғашқы болып дауыс бергенін жеткiздi. Ақсақалдардан бiрiншi болып Зейнетолла Ақбанов, Амангелді Жұмаев ағалар, Сәуле Ахметжанова апалар ертемен келiп, өз таңдауын жасап үлгерiптi. Ең жас сайлаушы Дильназ Ермекова да таңертең келiп дауыс берген. Учаскеде "Ақ жол", "Nur Otan", "Азаматтық альянстен" бақылаушылар қатысуда.

kanat-sajlau1

"Өркен" балабақшасында орналасқан N172 сайлау учаскесінде (видеода) 1343 адам дауыс беруi керек болса, учаскелік сайлау комиссиясы төрағасы Сағындық Мұратовтың мәлімдеуiнше сағат 12.00 дейін солардың 217-сi таңдауын жасаған. Мұнда "Аdal", "Ақ жол", "Ауыл", "Nur Otan" партиясынан және тәуелсіз бақылаушы қатысуда. Ең алғашқы болып ауыл тұрғыны Марат Аюпов дауыс берсе, ең жасы үлкен сайлаушы Орынғали Құмарғалиев алғашқы болып келгендер қатарында. "Аdal" партиясының бақылаушысы Марат Аюповтан өтiп жатқан сайлау барысына қатысты пiкiрiн сұрағанымызда: - Таңертең 7-де келгеннен осындамын. Сайлаудың өту барысына көңілiм толады. Халық белсенді қатысуда. Үлкендерiмiз де, жастарымыз да келiп жатыр,-дедi.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521