2025 жылдың 26 сәуір күні Сафон ауылдық округінде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараға ауылдық округке қарасты мекеме қызметкерлері мен ақылы қоғамдық қызметкерлер белсенді түрде қатысты.
Акция барысында Сафон ауылдық округінің екінші негізгі ғимаратының аумағында санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, 20 түп жас тал ағаштары отырғызылды. Аталған іс-шараға жалпы саны 10 адам қатысты. Акцияның негізгі мақсаты – ауылдық округтің санитарлық тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындарды табиғатты қорғау ісіне тарту болып табылады.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарды. Болашақта да осындай экологиялық шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.