Сафон ауылдық округінің әкімі тағайындалды

(0 Votes)
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 шілдедегі №24 шешімі негізінде, аудан әкімінің өкімімен 2025 жылғы 16 шілдеден бастап, Сатылганов Есенбек Исатайұлы Сафон ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
 
Сатылганов Есенбек Исатайұлы. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылында 1978 жылы 15 тамызда дүниеге келді. Ұлты қазақ. Білімі–жоғары.
 
1996 – 2000 жылдары Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «құқық негіздері жән экономика» мамандығы бойынша;
 
2020 – 2022 жылдары Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономика және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген. Сафон ауылдық округінің тұрғыны.
 
Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Сафон ауылындағы Ф.Энгельс орта мектебінде мұғалім ретінде бастаған.
 
2003-2006 жылдары Ф.Энгельс орта мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары;
 
2006 – 2013 жылдары Сафон ауылдық округінің әкімі;
 
2013 – 2017 жылдары Бірлік ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды;
 
Қазіргі уақытқа дейін «Сатылганов А.И.» шаруа қожалығының атқарушы директоры қызметін атқарып келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT