Сүйіндікте 50, Балқұдықта 40 абонент интернетке қосылды (+ВИДЕО)

(1 Vote)

Қолымыздағы Азғыр бойынан келген мәліметтерді сөйлетсек «Жол картасының» бірінші кезеңін жүзеге асыру аясында «Қазақтелеком» АҚ филиалы Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы Батыс Қазақстан облысының Сайқын ауылынан Атырау облысының Балқұдық ауылына дейін 185 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізген. 

Осы жылдың аяғына дейін Азғыр, Қоңыртерек елді мекендеріне радиорелелік байланыс желілерін салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Балқұдық ауылында бұрыннан телефон тартылған, сымдары интернет желісіне сәйкес келетін 40 ауыл тұрғыны өз өтініштері бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Күні бүгін ауыл ішіндегі телефон сымдары тартылған соқалар жөнделу үстінде. Бұған дейін телефон тартылмаған үйлердің тізімі жасақталуда. Тұрғындардың тарапынан берілген өтініштерге сәйкес телефон сымын тартып, интернет желісіне қосу көзделуде. Бұдан басқа Балқұдық ауылының тұрғындары ұялы телефон арқылы мобильді интернет желісін пайдалануда.

i

i

Сүйіндік ауылдық округі бойынша қазіргі уақытта интернет желісі 50 үйге қосылған екен. Алға қарай олардың қатары көбейе түспек. Енді Асан мен Үштаған ауылдарында да осындай жұмыстар жанданса биыл оқу жылы мұндағы оқытушылар мен оқушыларға зор игілік сыйлары анық. Қыр бойына газ барды, ауыз су да тартылып жатыр, енді жылдамдығы жоғары интернетпен, ұялы байланыспен түгел қамтылып, жолы түзелсе біраз мәселе шешіліп, шекара бойында отырған тұрғындардың жағдайы жақсара түсер еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT