"Рухани құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын алу құралы"

(0 Votes)

2020 жылдың 15 қазан күні Атырау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде Облыстық АТТ жоспарына сәйкес, Құрманғазы ауданындағы Ы.Алтынсарин, Ақкөл, Ә.Сәрсенбаев және Панфилов мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына «Рухани құндылықтарды жаңғырту – радикалды идеологияның алдын алу құралы» атты "Zoom" бағдарламасы арқылы кездесу өтті.

Аталған шараға облыстық АТТ мүшелері, дін мамандары Шүкіріддін Темірқұлұлы мен Ернар Абзалұлы, Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпараттық талдау орталығының Құрманғазы ауданы бойынша бөлім басшысы Досқалиев Қуанышбек, Құрманғазы ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы, АТТ мүшесі Боранғалиев Ернар, Құрманғазы аудандық АТТ мүшесі Сапарова Ұлмекен қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

АТТ мүшесі Сапарова Ұлмекен мектеп оқушыларына жат ағымның жетегінде кетпей, білімді дұрыс меңгеріп, отаныңа, отбасыңа қызмет етіп, қоғамға бір пайдаңды тигізсен мемлекеттің, қазақ елінің дамуына өз үлесіңді қосып жатқаның дейді.

Теолог Ш.Темірқұлұлы: «Адамзат қоғамының алғашқы кезеңінен бастау алып, ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдарда түрліше көріністе жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтар жүйесі бар. Дәстүрлі құндылықтар дәстүрлі қоғаммен үндестікте - соның аясында қалыптасады, оның ішкі тұрақтылығына қызмет етеді және сол қоғам арқылы сақталады. Дәстүрлі құндылықтарды қалыптастыруға қоғамның бірнеше буыны атсалысып, оларды қолдау және қолдану арқылы тұрақтандырады. Құндылықтар қоғамның даму бағдарлары мен өмір сүру мәнерін белгілейді. Алайда, қазіргі теріс ағымның жетегінде жүрген жастарымыз сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызды, асыл құндылығымызды жоққа шығарғысы келеді» - дейді. Құрманғазы ауданы бойынша бөлім басшысы Досқалиев Қуанышбек Атырау облысы Дін істері басқармасының Ақпарат талдау орталығында «Оlx», «Вконтакте», «Instagram», «Telegram» cекілді әлеуметтік желілерге тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, мониторинг жасалатынын сондықтан әлеуметтік желіде қараған, бөліскен әрбір діни ақпаратқа мұқият болу қажеттігін ескертті.

Жастар ресурстық орталығының басшысы, АТТ мүшесі Боранғалиев Ернар қазіргі кезде мемлекет тарапынан жастарға үлкен қолдау көрсетіліп, түрлі шараларды іске асырып жатыр. Сондықтан мектепте жақсы білім алып, ойлаған оқу орындарына түсіп, елдің дамуына өз үлестеріңді қосуға үлкен мүмкіндіктеріңіз бар екендігін ескертті. Шара соңында оқушылардан түрлі діни сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Шараға 87 адамды қамтыды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521