Құрметке бөленген қос ана

(0 Votes)

Отбасы күніне орай аудандық және Құрманғазы, Теңіз ауылдық аналар кеңесінің бастамасымен аудандық орталық кітапханада «Ана – алақанның аясы, ақ шынардың саясы» атты жүздесу кеші өтті.

Шараның негізгі кейіпкерлері – кітапхана саласында 40 жылдан астам абыройлы еңбек еткен, «Күміс алқа» иегері Клара Құспанғалиқызы мен Теңіз ауылдық поштасының бөлім меңгерушісі, көп балалы ана Мейрамгүл Құспанғалиева көрерменнің қошеметімен төрге оздырылды. Ғибратты ғұмыр иелері мектеп шағындағы тәтті естеліктер, табандылықпен төселген еңбек жолдары, отбасы институты, бала тәрбиесі төңірегінде әсерлі әңгіме өрбітті.

f231a8e4-a757-4de2-8221-5ef4d2d2d1a5

Тағдырдың талай сынынан сүрінбей өтіп, жүрегінің жылуы мен жанарының отын сөндірмеген ардақты жандар жайлы аудандық орталық кітапхана басшысы Бақыт Габдулова, Теңіз ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Сәулеш Бегалиева, жас аналар клубының жетекшісі Роза Жақсылықова, туыстары атынан Ардақ Түсіпова жақсы пікірлерін білдіріп, естелік сыйлықтарын ұсынды.

Қорытынды сөз алған аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова, Құрманғазы ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Гаухария Кінамақызы көрерменді бекзада болмысымен баурай білген қос анаға жылы лебіздерін арнап, арнайы кеңес атынан Алғыс хат табыстады. Аудандық мәдениет үйі өнерпаздары Гүлзада Тілегенқызы, Ермек Айсын, Толыбай Қажыгереев әншашуымен шараның шырайын кіргізді.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521