Құрманғазылықтардың тауары Астанадағы жәрмеңкеде арзан бағамен саудаланды

(0 Votes)

Атырау  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы 24-25 қыркүйекте  Астана қаласында облыстың барлық аудандары қатысқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде  азық-түлік жеңілдетілген бағамен Елорданың тұрғындарына ұсынылды. Оған  ауданымыздың да ауыл шаруашылығы құрылымдары мен табиғат пайдаланушылары қатысып, өз өнімдерін жайып салды. Бізден барған тауарларға деген сұраныс жақсы болған. Әсіресе, балық өнімдерін астаналықтар  жақсы саудалаған.

Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Сақтапберген Ертелеуов: – Жәрмеңке Астана қаласының «Астана-Арена» ғимаратының жанындағы павильонда өтті. Қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек  Ғаділханұлы мен аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Зинетоллаұлы бастап апарды.

22254a4e-6740-48c0-b69e-e68a41bde360

Нақтылап айтсақ, ауданымыздағы ауыл шаруашылығы құрылымдарынан «Құрманғазы СДО», «Мақаш», «Құрманғазы» өндірістік кооперативтері, «Ақжонас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Кубашев К», «Алғаязов С», «Дайынов Ө» шаруа қожалықтары  өз өнімдерімен қатысып, қолдау көрсетті. Сонымен қатар, ауданымыздағы табиғат пайдаланушылардан  «Каспий Балық» өндірістік кооперативі, «Тілекші», «Ш.Сүлейменов», «Амангелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Сәрсенбаев.Е» шаруа қожалығы балық өнімдерін жеткізді. Аталған шаруашылықтардан 2,5 тонна ет, 15,5 тонна балық апарылған еді. Барлығының да еңбектері еш кетпей,тауарлары сатылды, – деп оларға ұйымшылдықпен қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521