Құрманғазылық полицейлер жоғалған баланы анасымен табыстырды (+ВИДЕО)

(1 Vote)

Аудандық полиция бөліміне түнгі сағат 23:00-де Құрманғазы ауылы, РТС мөлтек ауданында кешқұрым ойнап жүрген 13 жасар жасөспірімнің жоғалып кеткендігі жөнінде анасынан хабарлама түседі.

АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Талғат Исаевтың мәлімдеуінше, оқиға болған жерге бірден Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің полицейлері мен жедел-тергеу тобы шұғыл жеткен. Тәртіп сақшылары бүкіл жақын аумақтардың аулаларын аралап шығып, түрлі шұғыл шаралар жүргізеді. Нәтижесінде баланы аула маңынан табады.

Төрт баланың анасы Н.А. ортаншы ұлын дін аман тауып бергені үшін полиция қызметкерлеріне риясыз алғысын жеткізді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521