Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округінде түнгі 01:00 шамасында тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққанын байқаған полицейлер дер кезінде көмекке келген.
Учаскелік полиция инспекторы Талғат Рахимов пен көмекшісі Біржан Махмудов және полиция қызметкері Бағытжан Қадырбаев өрт шыққан үйден 4 ересек адам мен 3 баланы шығарып құтқарған.
Кейін өрт сөндірушілер келгенше ауыздықтауға көмектескен.
Тәртіп сақшыларының шұғыл көмек беруі арқасында тұрғындар зардап шеккен жоқ!